Alisher Konysbaev - Syr




Подписаться

Alisher Konysbaev - Syr
Текст Песни:


Өрмелеймін баспалдағыма қарай
Ойлап ем бәрі болад деп оңай
Алдымда ұзақ жол әлі талай
Бақытты болуды менде қалаймын

Бұл өмір ақ пенен қара
Алмайды пара
Жүректе бәрін жасырам
Көңілім жасыған

Жанымда жақын адам
Мен қалаған
Қалағанымды сұраймын
Мен Алладан…

Сыр ақтардым жаратқаныма
Жауап таппай сұрақтарыма
Жақыным деп жүрген адамың
Әрі қарай жырақтадыма

Сұрап барам жаратқаныма
Шүкір атқан әр ақ таңыма
Өзімдікін жасай беремін
Алтын сырға құлақтарыңа

Өзгенің мінін тергенше
Өзіңмен күрес өлгенше
Жасаған амалдарың
Алдыңнан шығып келгенше

Білмеймін кім түлкі білмеймін кім қасқыр
Бұл өмір сенікі бәрін өзің ұйымдастыр
Бәрі түсінесің — отбасы құрғанда
Ешқашан уайымдама Жаратушы тұрғанда



Alisher Konysbaev - Syr Текст Песни

Текст Песни Syr

Тексты Песен Alisher Konysbaev

Похожие Тексты